Қоянды Екінші Орта Мектебі экскурсия

Біздің 2023-2024 оқу жылының "Үркер" мектепалды тобы бүлдіршіндері Қоянды ауылының №2 мектебіне экскурсия жасап қайтты.
Балалар мектеп өмірімен танысып,спорт зал, асхана, робота техника кабинеттері,  сынып бөлмелерін, кітапхананы аралап, ерекше әсер алды. Болашақ оқушылар мектеп ортасына қызығушылықпен қарап, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.Осындай танымдық саяхаттар балалардың білімге деген құштарлығын арттырады.

https://www.instagram.com/reel/C7RgljpICft/?igsh=M2xxbTBrMTJiMjdo